19 шілде 2015 22:56

Серфер тікелей эфирде акуладан аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Fox Sports кадры Fox Sports кадры

Аустралиялық серфер Мик Фэннинг ОАР-дағы Jeffreys Bay жарысында акуладан қашып құтылды, жарыс тікелей эфирде таратылды, - деп хабарлайды The Sydney Morning Herald.


Аустралиялық серфер Мик Фэннинг ОАР-дағы Jeffreys Bay жарысында акуладан қашып құтылды, жарыс тікелей эфирде таратылды, - деп хабарлайды The Sydney Morning Herald.

Фэннинг акула шабуылдаға кезде тақтайдың үстінде отырған. Ол жыртқыштың шабуылынан сол тақтай арқылы қорғанып, кейін акуланың арқасынан тепкен кезде ол қашып кетті. "Мен жүзіп бастайын деп жаттым, аяққа арналған ілгішке бір нәрсенің тигенін сездім. Мен бірден секіріп кеттім, акула менің тақтайымның жанынан өтті. Сол кезде мен аяқпен теуіп, айғайлай бастадым", - деді серфер. Соңында ол жарақат алмады, жарыс болса бір күнге тоқтатылды.

Ал жарыстың комментаторларының бірі Фэннингке жаны ашығаны соншалық, былапыт сөз айтуға дейін барды. Кейін ол бұл ісіне кешірім сұрады. Ал тікелей эфирдің режиссері оқиғаның арты жамандықпен аяқталады деп ойлап, акуланы алыстан түсіріп тұрған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети