29 мамыр 2014 09:51

Шенеунікке арналған коньяк мұнайшы үшін 93 мың теңгеге айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті Ярослав Радловский түсірген Суретті Ярослав Радловский түсірген

"Ақтөбе облысында шенеунікке 900 теңгенің коньягін ұсынғаны үшін мұнайшыға 92 мың теңге айыппұл салынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Диапазон" ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Ақтөбе облысында шенеунікке 900 теңгенің коньягін ұсынғаны үшін мұнайшыға 92 мың теңге айыппұл салынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Диапазон" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың ақпан айында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының бас директоры Махамбет Санжанов Еңбек инспекциясының Ақтөбе облыстық басқарма бастығы Марат Габидуллиннің қабылдауына келеді. Ондағы мақсаты - компанияны жоспардан тыс тексеру қортындысын және "СНПС-АМГ" компаниясының бұрынғы жұмысшысына қатысты ұйғарымды қайта қарау болған. Санжанов Габидуллинді жаңа қызметімен құтықтап, 900 теңгенің коньягін сыйға тартады.

Өткен аптада әкімшілік сот заңсыз сыйақы бергені үшін Санжановқа 92 мың теңге айыппұл салды.

Басылымның мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Габидуллин қылмыстық іс бойынша тергеу изоляторында отырған көрінеді. Оған жұмысшының өліміне қатысты кәсіпорынның кінәсін азайтып көрсеткені үшін үш мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети