22 ақпан 2016 16:56

Шетел сарапшысы Қазақстанды Дубаймен салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Zastavki.com © Zastavki.com

Шетелдік сарапшы Қазақстанды Дубаймен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Қазақстан Жоғарғы соты жанындағы Халықаралық кеңестің алғашқы отырысы өтті.


Шетелдік сарапшы Қазақстанды Дубаймен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Қазақстан Жоғарғы соты жанындағы Халықаралық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Халықаралық кеңес мүшелерінің бірі, Дубай халықаралық орталығының соттарды тіркеушісі, Халықаралық сот әкімшілігі ассоциациясының вице-президенті Марк Биир ҚР Жоғарғы сот басшысын әділ сот индексі бойынша Қазақстанның Бүкіләлемдік банк рейтингінде позициясын жақсартуымен құттықтады.

"Соттардың жұмысының қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Сіздердің көздеген нәтижеге жететіндеріңізге күмәнім жоқ. Мен үш нәрсені атап өткім келеді. Біріншіден, Қазақстан - жаһандық ел. Қазір Дубай да Астана сияқты үлкен қалаға айналды. Сондықтан да мұндай жерлерде қабылданған шешім бүкіл әлемге әсер етеді. Менің ойымша, Жоғарғы сот Қазақстанның әлемдік экономикадағы ролін айқындау мақсатында осындай кеңес құрды", - деді Марк Биир. 

Ол кез келген елде инвестицияның жақсы тартылуы әділ сот жүйесінің дұрыс қалыптасуына тікелей байланысты екенін мәлімдеді.

"Халықаралық инвестиция қорында 17 триллион доллар бос жатыр. Бұл қаражат ақша қауіпсіздікте сақталатын елдің нарығына шығарылады. Мұны Дубай тәжірибесінен білемін. Астана қаржы орталығының да осындай тәжірибеге ие екеніне күмән келтірмеймін", - деді Марк Биир.

Қазақстан Жоғарғы сотының басшысы Қайрат Мәми өз кезегінде Қазақстанның сот жүйесінің алдында әлемдік стандарттарға негізделген, соның ішінде инвестиция саласындағы жаңа міндеттер тұрғанын мәлімдеді. "Біз үшін нәтижелі әділ сот қоғамдағы тұрақтылық пен үміттің кепілі", - деді Қазақстан Жоғарғы сотының басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети