11 желтоқсан 2015 11:08

Шетелдіктер тұңғыш рет қазақтың ұлттық тағамдарынан ауыз тиді - эксперимент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

TengrinewsTV редакциясы шетелдіктерге қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып, эксперимент жүргізді.


TengrinewsTV редакциясы шетелдіктерге қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып, эксперимент жүргізді.

Экспериментте шетел азаматтарына құрт, қымыз, жая және қарта ұсынылды. Үндістандық Винея мен Сая, иорданиялық Ибрагим мен Абдалл, нигериялық Джеф пен Чакс қазақтың ұлттық тағамдарынан бірінші рет дәм татқан болып шықты. Олардың бұл тағамдарды жегеннен кейін алған әсерлерін видеоға түсіру эксперименттің басты мақсаты болатын.

"Шетелдіктердің барлығына дерлігіне құрттың дәмі ұнады. Мысалы, арабтарға оның дәмі жергілікті бір тағамның дәміне ұқсас болып көрінді. Ал үнділер үшін құрт тым ащы екен. Қымыздың да дәмі ерекше бағаланды. Африкалықтарға қымыздың иісіне қарағанда дәмі көбірек ұнады және олар сусынның емдік қасиеті жайында көп естіп, қанық болды", - дейді экспериментті ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, шетелдіктердің ет деликатесі туралы ойлары бір жерден шықты. Қартаның түрі де, иісі де, дәмі де оларға ұнамады, көпшілігі оны жеп көруден бас тартты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети