Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Шүкеновтeр әулетінің фотоальбомынан эксклюзивті суреттер жарияланды

30 Сәуір 2015, 15:58
0
Батырхан Шүкенов. © baistars.kz
Батырхан Шүкенов. © baistars.kz

Шүкеновтeр шаңырағының фотоальбомынан эксклюзивті суреттер жарияланды, - деп хабарлайды Baistars.kz "Білім және мәдениет" теларнасына сілтеме жасап.

Батырхан Шүкенов Қызылорда қаласында туылған. Екі ағасы мен қарындасы бар.

Балалық шағында футболды жақсы көріп, веложарыстарға қатысқан. Болашақ музыкант спортпен тұрақты шұғылданғанымен, өнер жолына түседі.

12 жасында "Артек" лагеріне барған ол, аяқ астынан вокалдық конкурсқа қатысып, бірінші орынды жеңіп алады. Күзде мектепке келгенде оның жеңісінен бәрі хабардар екен. Содан соң оны ансамбльге қабылдаған. Бұл - шығармашылығының алғашқы сатысы көрінеді.

Мектептегі жылдарында Батырхан музыкалық үйірмелерге қатысып, мектеп бітірген соң, Крупский атындағы мәдениет институтына оқуға түседі. Бірнеше жылдан кейін, Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның саксафон класын аяқтаған.

1987 жылы Батыр В.Миклошичпен, Б.Сыздықовпен, Н.Вильдановпен және Б.Серкебаевпен "Алматы" тобын құрады. "Путь без остановок" деп аталған алғашқы альбомы шыққан соң, топ атауы "Алматы студио" болып өзгереді.

Біраз уақыт өткен соң олар топ атауын "А-студио" деп өзгертеді. Ол кездегі хит әндері "Джулия" еді.

2002 жылдың 26 қазанында Батырхан Шүкенов "Отан ана" атты алғашқы жеке альбомын шығарды. Туынды тізіміне 10 ән мен аталған әннің бейнебаяны кірді.

Батырхан Шүкенов туған-туыстарымен және достарымен бірге.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 29 сәуірге қараған түні жүрек талмасынан Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды. Оның ағасы Бауыржан Шүкеновтің айтуынша, әнші соңғы кездері денсаулығының мәз емесін айтып жүрген. Орындаушының директоры Олжас Байқановтың айтуынша, Батырхан Шүкенов "Один в один" шоуының дайындығынан кейін үйіне барған, сол жерде өзін нашар сезініпті. Музыкант өзіне жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер Шүкеновтің өмірі үшін екі сағаттан аса уақыт күресті, ол бірнеше рет есін жиғанымен оны құтқару мүмкін болмаған.

Суреттер baistars.kz және bmtv.kz сайттарынан алынды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай