20 қаңтар 2019 11:16

Шварценеггердің ұлы әкесінің атақты суретін қайталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Channel24 © Channel24

Голливуд актері Арнольд Шварценеггердің 43 жыл бұрынғы түскен суретін 21 жастағы ұлы Джозеф Баена қайталады, - Тengrinews.kz тілшісі. Ол суретті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 


Голливуд актері Арнольд Шварценеггердің 43 жыл бұрынғы түскен суретін 21 жастағы ұлы Джозеф Баена қайталады, - Тengrinews.kz тілшісі. Ол суретті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

Жас та болса да Джозев көп уақытын спортқа жұмсайды, сол себепті айтарлықтай бұлшық еттерімен мақтана алады. Әзірге әкесінің жетістігіне жетпесе де, оған ұқсап бағуға барын салып жүргені анық. 

"Сәл ғана семіздеумін", - деп жазды ол суреттің сипаттамасында. 

Шварценеггердің оригинал суреті 1975 жылы түсірілген. Ол кездің өзінде танымал болған культуристің жасы 28-де болған. 

Жігіттің парақшасына жазылған Желі қолданушылары позитивті пікір қалдырып, қолдау білдірді. Пікір қалдырушылардың бірі болашақ "терминаторды" көріп тұрғанын жазған. Алайда көптеген оқырман әкесінің жетістігін қайталау үшін оған үзбей дайындық жасау керектігін жазған. 

1967 жылы Арнольд Шварценеггер Mister Universe байқауының тарихында ең жас культурист болып танылған. Сонымен қатар ол жетідүркін Mr Olympia титулының иегері. 

Джозеф - Шварценеггердің үй тазалаушысы гватемалдық Милред Патрисиядан туған ұлы. Ол актердің үйінде 20 жылдай уақыт жұмыс істеген. Кәмелет жасқа толғанға дейін Джозеф әкесінің киножұлдыз екенін білмеген. Арнольд некесіз туған баласымен жақсы қарым-қатынас орнатып, қаржылай көмек көрсетіп жүр. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети