22 мамыр 2014 09:33

Швейцария соты нацистік ишаратпен сәлемдесуге рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет m24digital.com сайтынан алынған Сурет m24digital.com сайтынан алынған

"Швейцария федералді трибуналы "егер ол нацизмді насихаттау болмай, тек өзінің нанымын білдіру ғана болса, онда қоғамдық орындарды "зиг хайль" деп нацистік ишаратпен сәлемдесу қылмыс болып саналмайды" деп үкім шығарды. Бұл туралы РИА Новости ақпарат құралы Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Швейцария федералді трибуналы "егер ол нацизмді насихаттау болмай, тек өзінің нанымын білдіру ғана болса, онда қоғамдық орындарды "зиг хайль" деп нацистік ишаратпен сәлемдесу қылмыс болып саналмайды" деп үкім шығарды. Бұл туралы РИА Новости ақпарат құралы Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осылайша, трибунал осыдан бір жыл бұрын150 адам қатысқан шеру кезінде нацистік ишаратпен сәлемдескені үшін қамалған швейцариялықтарға қатысты шығарылған төменгі инстанциялық сот үкімінің күшін жойды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдерінде нацистік ишаратпен Heil Hitler! немесе Sieg Heil! деп сәлемдесуге тыйым салынған болатын. Бұлай сәлемдесуге Германия мен Австрияда қылмыстық жаза қарастырылған. Ал Ресейде мұндай ишарат нацизмді насихаттаумен теңестірілген және әкімшілік жаза қарастырылған. Ондай әрекет жасағандар 500-1000 рубль көлемінде айыппұл төлейді не 15 тәулікке қамалады.

Швейцария сотының бұл шешіміне қатысты Ресей мемлекеттік Думасы өзінің көзқарасын білдірді. "Мына әлем есінен адасқан сияқты, ал Еуропа болса, жеті шақырымдық қадаммен нацизмнің құшағына кіріп барады. Швейцариялықтардың мұндай шешіміне таң қалуға да болмас, өйткені екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер ақшаларын швейцариялық банктерде сақтаған.

Шамасы, Швейцария үшін қарапайым халықтың қамын ойлаудан гөрі елдің қаржылық жағдай маңызды сияқты" деп мәлімдеді Думаның қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдар жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары Михаил Маркелов.

Депутат Швейцария сотының шешімін "арсыз және зұлым тәсіл" деп бағалады. Маркеловтің пайымдауынша, Швейцария соты осындай шешімімен Украинадағы неонацистерді қолдап отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети