29 маусым 2015 16:33

Шығыс Қазақстанда бір жігіт қызбен танысу үшін үстінен киімін сыпырып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Sostrangeworld.livejournal.com ©Sostrangeworld.livejournal.com

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласының 21 жастағы тұрғыны қызбен танысу үшін үстінен киімін сыпырып тастады, - деп хабарлайды YK-news.kz аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына сілтеме жасап. Жігіт бұл іске Советский алаңындағы Владимир Лениннің ескерткішінің алдында барды.

Жігіт алаңда достарымен бірге қыдырып жүріп, өзіне ұнап қалған бір бойжеткенді көргенін айтып берді. Оның назарына ілігіп, танысып алу үшін жігіт шешінбекші болады. Бұл кезде ол сау күйде болған. Оның әрекетін қаланың тұрғындары көріп, тәртіп сақшыларына хабарласыпты.

Әкімшілік сотта жігіт өзінің кінәсін толықтай мойындады. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал қыздың жігіттің бұл ісіне қандай баға бергені белгісіз қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети