14 қазан 2014 08:03

Шығыс Қазақстанда мектеп электригі телескоп жасайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вениамин Шульгин. ©Экспресс К Вениамин Шульгин. ©Экспресс К

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Қаратал ауыл тұрғыны Вениамин Шульгиннің ерекше хоббиі бар - ол телескоп жасап шығарады, - деп жазады "Экспресс К".


Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Қаратал ауыл тұрғыны Вениамин Шульгиннің ерекше хоббиі бар - ол телескоп жасап шығарады, - деп жазады "Экспресс К".

Мектеп электригі өз телескобымен өзі айдың бетінде бар деп сенетін айкезбелерді көруді армандайды. "Енді айға қараймын. Тауларды, кратерлерді көремін, енді айкезбелерді көргім келеді. Айда біреулердің мекендейтініне сенемін, ал оның ішінде ештеме жоқ. Ай - жоғарыдағы күштердің бізге қамқор болсын деп жасағаны. Ол Жер тұрғындарын қорғайды. Оның тіпті орбитасы... ананың орбитасы сияқты", - дейді қараталдық жұлдыз санаушы. Ол жалпы төрт телескоп жасап үлгеріпті, оның екеуін ауылдастарына сатып жіберген. Бағасы қымбат емес - төрт тауық.

Ер адам бала кезінде қызығушылықтары болса да ғарышкер болғысы келмепті. "Мен ауыл электригі болуды армандадым. Және болдым да. Колхоз бен совхоздар бар кезде мен өзімді жай ғана сиқыршы емес, жартылай құдай есептейтінмін. Мен адамдарға жарық пен жылу беретінмін. Күн сияқты...", - дейді Вениамин Шульгин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети