Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Шымкентте қоқысты көшеге лақтырғандар жасырын камераға түсіп қалды

03 Қазан 2015, 17:39
0
Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Шымкентте қоқыс үйінділерінен арылудың жолы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейбір аудандарға жасырын камералар орнатылды, олардың көмегімен арнайы қоқыс контейнерлеріне апарып тастаудың орнына қоқыс толы пакеттерді көшелерге лақтырып кеткен адамдар анықталды. Видеоны "Қазақстан-2050" жалпы ұлттық қозғалысының басшысы Данат Жумин жариялады.

"Біз мұны таза болу үшін істедік. Жастар ұйымдары мен әкімнің инспекторларын тарттық. Олар апта сайын қаладағы қоқыс бойынша фото есеп жасады, апта сайын бұл тақырыпты коммуналдық қызмет өкілдерімен және аудандық әкімдермен талқыладық. Қараймыз, тазалап қойған сияқты боласың, бірақ біраз уақыттан кейін сол жерде қоқыс тағы жатады. Содан, оларды бақылау идеясы туды", - деп жазды ол.

Жұмыстың нәтижесі бойынша, он шақты адамға айыппұл салынды. Мұндай жағдайда ҚР ӘҚБК "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 38 мың теңге айыппұл салынады. Сонымен қатар, Жуминнің айтуынша, қазір әкімдік тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қоқыс контейнерлерінің орнын ауыстыруды шешті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай