27 наурыз 2016 15:08

Шымкентте мешіттен Құран кітабы ұрланған сәт видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Шымкентте мешіттен Құран кітабы ұрланды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.


Шымкентте мешіттен Құран кітабы ұрланды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Басылымның мәліметінше, Құранның ұрланған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Ворошиловка ауылындағы Акмаль Салих мешітінде болған.

"Ер адам мешітке асықпай кіріп, кітапты алып, асықпай шығып кетеді. Интернет қолданушылары ер адамның залдардың орналасуы мен қасиетті кітаптың тұратын жерін жақсы білгенін өз пікірлерінде жазған. Ұры мешітте қай кезде ешкімнің, тіпті имамның қай кезде болмайтынын білген сияқты", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде бұл видео ұрының кім екенін анықтау мақсатында таратылған. Пікір қалдырушылардың ойы қақ жарылды, олардың кейбірі кітапты ұрлаудың ұрлыққа жатпайтынын жазған. Бірақ мұндай пікір көп емес.

© Instagram/dudoser

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети