Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шымкенттік жас жұбайлар үйлену тойы күні жүздеген адамды тегін тамақтандырды

16 Желтоқсан 2015, 10:51
0
Еркебұлан Жолдасов. © 24.kz
Еркебұлан Жолдасов. © 24.kz

Шымкентте тағы бір жас отбасы үйлену тойы күні ерекше қадамға барды. Той күнгі серуеннің орнына Еркебұлан мен Дария 300 азаматқа тегін палау таратты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.


© 24.kz

"Қазіргі жастар үйленген кезде қыдыруға, түнгі клубтарға көп ақша жібереді. Қаржыны оған жаратқанша, тұрғындарға берген өте дұрыс деп ойлаймын. Өзіміздің қазақы ата-бабалар тәрбиесінде қалайық, бір-бірімізге мейірімді болайық", - деді күйеужігіт Еркебұлан Жолдасов.


Еркебұлан Жолдасов. © 24.kz

Бұл Шымкенттегі үйлену тойы күні жасалған алғашқы қайырымдылық шарасы емес. Бірнеше апта бұрын Мейірман мен Сәния үйлену тойы күні балалар үйінде дастархан жайған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай