08 қаңтар 2015 14:03

Шымкенттің хайуанаттар бағында аю өз қонжықтарын жеп қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mirvkartinkah.ru ©mirvkartinkah.ru

Шымкентте жаңажылдық отшашудан қорқып қалған аю өзінің қонжықтарын жеп қойды. Бұл туралы хайуанаттар бағының жетекшісі Сейдолла Жұбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Шымкентте жаңажылдық отшашудан қорқып қалған аю өзінің қонжықтарын жеп қойды. Бұл туралы хайуанаттар бағының жетекшісі Сейдолла Жұбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алена деген есім берілген аю 27 желтоқсанда төлдеді. Хайуанаттар бағының қызметкерлері қонжықтарды көрмеген, тек дауыстарын естіген, сондықтан да қанша қонжық болғаны белгісіз. Аю Жаңа жыл қарсаңында өз қонжықтарымен бірге апанында болған. Ал 1 қаңтар күні қызметкерлер қонжықтардың дауысын естімей қалады. Алена апанынан шықпағандықтан адамдар жаңадан туылғандарды көре алмады. "Біздің қыздар бірнеше сағат отырып, тыңдап көрді, бірақ қонжықтардың даусы естілмеді. Алена апанынан шықпағандықтан, балаларын көре алмадық. Бірнеше күн өткеннен кейін аюға тамақ беріп, басқа торға ауыстыруға мүмкіндік болды. Сол кезде қызметкерлер апанға қарап, оның іші бос екенін анықтады", - деді Сейдолла Жұбаев.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері аюдың отшашудан қорқып, өз қонжықтарын жеп қоюы мүмкін екенін айтады. Олардың айтуынша, Жаңа жыл түні саябақтағы аңдардың барлығы да абыржулы жағдайда болды. Отшашу барлық аңды қорқытып, үркіткен. "Мен сол түні барлығын жұмысқа шақырдым. Біз осында кезекшілік жасадық. Не болғанын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Біздің арқарлар да, басқа жануарлар да отшашудан қабырғаға секірумен болды. Барлығы бір бұрыштан бір бұрышқа жүгіріп, қабырға мен қоршауға соғылып жатты. Мойындарын сындыра ма деп қорықтық. Келесі күні мал дәрігері барлығын қарап шығып, аман екендерін айтты", - деді Сейдола Жұбаев.

Алена Шымкенттегі хайуанаттар бағын осымен 12 жыл мекендеп келеді. Бірнеше жыл бұрын жергілікті цирк өкілдері оның қонжықтарын қолға үйрету үшін алып кеткен. Әртістер аюдың желтоқсанда туылған балаларын да әкетуді жоспарлаған. Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағында барлығы 10 аю бар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети