Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Смартфонды тоғыз қап тиынға сатып алған жігіт өз әрекетін түсіндірді

17 Қазан 2016, 17:37
0
© friends.kz
© friends.kz

Ақшаны тиындап жинаған алматылық тұрғын оны банкке барып, купюраға айналдырмауының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сөйтсек, ол электроника дүкенінің сатушыларын таңғалдырғысы келіпті. 

"Телефонға бір жарым жыл бойы тиын жинадым. Дүкендегілер мені көріп, қатты таңғалды. Мен кешкі сағат жетілерде барғанмын, бірақ олар келесі күні таңертең келуімді сұрады", - дейді жаңа смартфонның иесі Анатолий. 

Ерекше сатып алушының айтуынша, ол бастапқыда тиындарды санау үшін банкке барып, қаптарды пломбалапты. Бірақ дүкендегілер банктің пломбасына сеніңкіремей, тиындарды санап шығуды ұйғарыпты. Сөйтіп, дүкендегілер тиындарды төрт сағаттай санаған, себебі Анатолий берген тиындар 5 теңге мен 50 теңге аралығындағы номиналда болыпты.  

"Менде 13 500 бес теңгелік, 6 750 ондық тиын, 3 375 жиырмалық және 1350 елу теңгелік тиындар болды", - дейді Анатолий. - Банкте барлығы есептелді, бірақ оларды қағаз ақшаға ауыстырғым келмеді, себебі осылайша қызық болады ғой. Дүкенде барлық дерлік сатушы санауға қатысты".

Алматылықтың айтуынша, дәл осылай ақша жинау қойылған мақсатқа жету жолындағы шыдамдылық пен оны орындаушылықтың нәтижесі. Смартфон иесі мұндай іске бірінші рет барғанын айтады. Бірақ ол мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да осы әдісті жасайтынын бөлісті. 

Алматыда сатып алушы цифрлық техника дүкенінен жаңа смартфон алу үшін тоғыз қап тиын берген болатын. Қаптардағы тиынның мөлшері 240 мың теңгені құраған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай