10 ақпан 2018 11:18

Студент қыз жігітіне жүздеген қағаз ақшадан жасалған букет сыйлады - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған скриншот Видеодан алынған скриншот

Таиландта студент қыз жігітіне ақшадан жасалған букет сыйлады, деп хабарлады Lenta.ru порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Таиландта студент қыз жігітіне ақшадан жасалған букет сыйлады, деп хабарлады Lenta.ru порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қыз жігітінен туған күніне не сыйлайын деп бірнеше рет сұраған. Ол ер адамдарға арналған бір нәрсе деп жауап беріпті.

"Оның айтқаны не екенін және оны қалай қуантатынымды білмедім, себебі қазір бәрі бар. Сол кезде басыма осы идея келді", - деді қыз.

Студент қыз банктен ұсақ купюрамен 100 мың бат (шамамен 180 мың рубль) ақша алып, флористке берген, ол ақшадан гүл шоғын жасап беріпті. Қыз мейрамханаға барып, жігітіне арналған ерекше сыйлығын табыс етті. 

"Бұл ол үшін үлкен тосын сый болды. Ол өзіне қымбат сыйлық пен артық заттардың қажет емес екенін айтқан. Бірақ ол оны да мейірімділігінен айтты. Ал мен оның қандай ерекше екенін көрсеткім келді", - дейді қыз.

Қыздың айтуына қарағанда, ол ерекше букет жігітті ғана емес, мейрамханада болған достарын да қатты таңғалдырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети