13 желтоқсан 2015 10:48

Сұлулық салонында түсірілген видео Қазнетті дүр сілкіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазнет қолданушылары сұлулық салонында түсіріліп, әлеуметтік желіде таратылған видеоға қатысты наразылықтарын білдірді, ол WhatsApp мессенджерінде және YouTube желісінде жарияланды. Instagram желісіндегі instavideo_kaz парақшасында роликке қатысты бірнеше сағаттың ішінде төрт мыңнан аса пікір жазылған. Қолданушылар роликтің кейіпкерін тауып, жазалауды талап етті.

Кадрдан салонның қызметкерін көруге болады. Ол клиент қыздың бетіне кремнің орнына сілекейін жақты. Ештеңеден күдіктенбеген клиент көзін жұмып жата берген.

Видеоның нақты қай жерде түсірілгені белгісіз. Ол қазақстандық сұлулық салондарының бірінде түсірілуі мүмкін. Егер видео кейіпкерін таныған болсаңыз, редакцияға хабарласыңыз.

Алматы тұрғыны видеоны Instagram арқылы жолдап, аты-жөнін жасырып, Tengrinews.kz тілшісіне видеоны оған таныстарының жібергенін айтты. Оның айтуынша, видеоның қай жерде түсірілгенін ол білмейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети