Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Сүйіктісіне өзіндік тәсілмен жүрек қалауын жеткізді

05 Ақпан 2014, 18:51
0
Сурет Максим Ястребов пен Иринаның жеке мұрағатынан алынған
Сурет Максим Ястребов пен Иринаның жеке мұрағатынан алынған
25 жастағы қостанайлық жігіт Максим Ястребов сүйіктісіне өзіндік ерекшелікпен жүрек қалауын жеткізді. Бұл процесске ұзақ уақыт дайындалғаны туралы Tengrinews.kz тілшісіне күйеу жігіттің өзі айтып берген.

Қостанай қаласындағы кинотеатрлардың бірінің экранында, көрсетілім алдында, неке сақинасының қалай жасалғаны және бүкіл әлемді айналып, Қостанай қаласының сауда орынына түскені жайлы бейнеролик көрсетіледі. Басты кейіпкер сол неке жүзігін сатып алып, сүйіктісімен кездесуге кинотеатрға асығады. Жол-жөнекей оған нешетүрлі азғырушылар-қылымсыған қыздар, сыра ішкен достар жолығады, алайда, олар жігітті жолдан тайдырып, тоқтата алмайды. Бір сәтте экранда «Ал, сүйіктім, сен дайынсың ба?» деген сөздер пайда болады. Сонан соң, Максим, кинотеатрда отырған сүйіктісі Иринаның алдына барып, тізерлеп отырып, жүрек қалауын жеткізеді. Қалыңдық «иә» деп жауап береді.

Максимнің айтуынша, достарының көмегімен түсірілген бейнебаянға үш күн уақыт кеткен. «Осындай ой келген соң Арман кинотеатрының әкімшілігіне өтініш жасадық. Олар ұсынысымызды қарап шығып, бұл ойдың оларға да ұнағанын айтты. Шара өткен күні жан-жақты қолдау көрсетіп, менің «жымырысқы жоспарымды» жүзеге асыруға көмектескені үшін кинотеатр әкімшілігіне айтар алғысым шексіз»-дейді күйеу жігіт.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай