Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Талдықорғанда пранкерлер бөтеннің әмиянын "иемденуді" ұсынды

26 Қазан 2015, 09:40
0
© Croco.kz
© Croco.kz

Талдықорғандық пранкерлер азаматтардың адалдығын тексеріп, оларға бөтеннің әмиянын "иемденуді" ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас жігіттер әлеуметтік желілер арқылы бірнеше карточкасы және ішінде 45 мың теңгесі бар әмиян тауып алғандарын хабарлайды. "Рахмет айтса болғаны. Ішінде ақшасы бар екен, маған бөтендікі керек емес", - деп жазылған хабарламада. Осыдан кейін пранкерлер қоңырау күте бастады.

Айта кету керек, хабарлама бойынша бірнеше адам хабарласты. Олар әмиянының жоғалып қалғанын, ішінде жалақысы жатқанын айтып жатты. Дегенмен хабарласқандар құжаттың ішінде қандай аттың жазылып тұрғанын сұраған кезде абдырап қалды. Кейбірі ойдан оқиға құрастырса, кейбірі телефонды тастап жіберді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай