07 желтоқсан 2015 10:06

Талғарда "Бәйтерек" монументінің көшірмесі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Талғар қаласына (Алматы облысы) "Бәйтерек" монументінің кішігірім көшірмесі тұрғызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талғар қаласына (Алматы облысы) "Бәйтерек" монументінің кішігірім көшірмесі тұрғызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Металл құрылымның биіктігі шамамен 8,5 метр. Ол қараңғыда жан-жағына жарық беріп тұрады. Қалалық әкімдік өкілінің айтуынша, бұл монументті тұрғызу идеясы жергілікті билікке тиесілі және ол Тәуелсіздік күніне арналып отыр. 16 желтоқсанда монументтің ресми ашылуы болады деп жоспарланған.


© Tengrinews.kz

Астанадағы "Бәйтерек" монументі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған - ол елордадағы ең негізгі көрікті жерлердің бірі. Биіктігі - 105 метр. 

Айта кетейік, "Бәйтеректің" көшірмесі Өскеменде (28,5 метр), Екібастұзда және Аягөзде бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети