28 тамыз 2015 14:47

Танк үстінде сүйісіп отырған жұптың суреті Интернет қолданушыларының наразалығын тудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Типичный Павлодар" © "Типичный Павлодар"

Павлодарда танк үстінде сүйісіп отырған жұптың суреті Интернет қолданушыларының наразалығын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда танк үстінде сүйісіп отырған жұптың суреті Интернет қолданушыларының наразалығын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз бен жігіттің танк үстінде сүйісіп отырғаны бейнелеген сурет "ВКонтакте" желісіндегі "Типичный Павлодар" тобында 28 тамызда жарияланды. Куәгерлер суретті "Сәкілер енді романтикалық емес" деген атаумен жариялады. Интернет қолданушылары қыз бен жігіттің бұл ісіне наразылық білдірді. Cуреттегі жастарды Әскери даңқ мұражайының басшылығы да сынға алды.

"Мен суретті көрген жоқпын, бірақ Т-34 танкі мәдениет ескерткіші. Оған жастардың отырып алғанына мен қарсымын. Жастардың шулағанын немесе басқа да дөрекі әрекет жасағанын көрсем, оларды қуып шығуға тырысамын. Бірақ келушілердің бәрін бақылау мүмкін емес. Бұл әркімнің арының ісі. Егер адамдар бұлай етіп жатса, оларды дұрыс тәрбиелемеген. Өзім көрсем қуып шығар едім", - деді Павлодардағы Әскери даңқ мұражайының меңгерушісі Рүстем Тыштықов.

Оның айтуынша, танк ҰОС жылдарынан қалған экспозицияның бір бөлігі. Дегенмен мұражайдың ғимараты ғана күзетіледі. "Мұражайдың маңына камералар орнатылса да, біз мұражай аумағына келгендердің барлығын қарай бермейміз", - деді Тыштықов. Павлодар ІІБ оқиғаның мән-жайын анықтауға уәде берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети