Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Таразда ауған соғысы жауынгеріне қойылған ескерткішті алып тастамақ

26 Ақпан 2014, 09:39
0
Сурет КТК телеарнасынан алынған
Сурет КТК телеарнасынан алынған
"Таразда интернационалист-жауынгерлер Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына орай қойылған ескерткішті алып тастауды талап етіп отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ардагерлерге ескерткіштің материалы мен автордың анатомиялық бейнені сомдағаны ұнамаған. "Одан да мына ескерткішті алып тастап, басқасын жасасын. Ескерткішке гүл шоғын қоюға келгенде халық күлмейтін болсын. Бұл үшін ескерткіш авторын сотқа береміз", - дейді интернационалист-жауынгер Керім Ізбасаров.

Сондай-ақ, автордың әріптестері де ескерткішті сынға алған. "Міне, пропорция жоқ, тізесі тең емес, ол өте қысқа. Егер жанынан қарайтын болсаңыз бір қолының салбырап тұрғанын байқайсыз, ал мына қолы қысқа, иілгені мүлде көрінбейді. Қарапайым орыс сөзімен айтқанда "халтура", - дейді Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Геннадий Тен.

Ал ескерткіш авторы Темірхан Қолжігіт ардагерлердің сынын түсіне алмай әлек. "Жобасын өзім жасадым. Эскизін ардагерлерге көрсеттім, бәрі келісті. Енді олардың аяқ асты бүлік шығаруын түсінбеймін. Олар баға беретін маман емес қой", - дейді Қолжігіт. Оған қоса, ол ескерткішті өз ақшасына тұрғызғанын айтады. Сол үшін ол бір миллион теңге жұмсаған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай