Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Татуировкалы британдық Сия Королі бола алмады

04 Ақпан 2014, 10:22
0
Сурет yaplakal.com сайтынан алынған
Сурет yaplakal.com сайтынан алынған
"Ұлыбритания билігі бүкіл денесін татуировкамен әшекейлеген 34 жастағы Мэть Уиланге "Сия Королі" деген атпен төлқұжат беруден бас тартты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Daily Mail ақпарат құралына сілтеме жасап.

Құжат рәсімдеу орны Мэть Уиланнің "Сия Королі" деген атпен берілген жүргізуші куәлігін және басқада анықтама қағаздарын көрсеткеніне қарамастан, оған ондай атпен төлқұжат беруден бас тартқан. Бас тарту себебін билік өкілдері өтініш беруші азаматтың атының ерекшелігімен түсіндірген. Ал, Уилан мұны азаматтың құқығын бұзу деп танып, шағымданған.

Уилан денесіне ең алғашқы татуировканы 10 жасында жасатқан екен. Содан бірі ол денесінің 90 пайызын татуировкамен тұмшалап үлгерген. Тіпті, сол жақ көз алмасына да жасатқан көрінеді. Татуировка жасаушының орындығында ол 300 сағат уақыты мен 25 мың фунт ақшасын жұмсаған. Ол ресми түрде Ұлыбританиядағы ең татуировкаланған адам болып саналады. Қоса кетер жайт, оның "Сия Королі" деген бейресми аты "Сия Королі елінің Экстримальді Боди Арттың Сия Королі" деген атаудан қысқартылып алынған екен.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай