27 желтоқсан 2015 17:27

Тез дайындалатын "Бешбармақ" кеспесі қалай пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тез дайындалатын "Бешбармақ" кеспесін шығарушылардың бірі қырғызстандық Майрамбек Байышов Zanoza.kg порталына өнімнің пайда болуы туралы айтып берді.


Тез дайындалатын "Бешбармақ" кеспесін шығарушылардың бірі қырғызстандық Майрамбек Байышов Zanoza.kg порталына өнімнің пайда болуы туралы айтып берді.

"Бешбармақ" кеспесі Қырғызстанда 2015 жылдың қыркүйегінде сатылымға шығарылды. Бес минуттың ішінде бешбармақ дайындау идеясын Майрамбектің ағасы ойлап тапқан. Байышовтар отбасы жобаны жүзеге асыруға бір жылдан аса уақыт жұмсапты. Олар нағыз бешбармақтың дәмін сақтап, оны жарты жылдан аса уақыт бойы сақтауға болатындай етуді мақсат еткен. Кеспе сақталатын қорапта екі қалта бар: ет, пияз, тұз, қызыл және қара бұрыштың құрғақ қоспасы; тұз, бұрыш, майдан жасалған сорпа.

Майрамбектің айтуынша, өнімнің бағасы 40 сомнан жоғары тұрады. Ол кептірілген 8 грамм ет алу үшін 50-60 грамм жаңа сойылған малдың еті жұмсалатынын айтты. Бішкек маңында орналасқан "Бешбармақ" дайындалатын цехта бірнеше әйел таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Онда тұздық пен қоспаларды қалталауға арналған арнайы құрылғылар да орнатылған.

"Етті әдеттегідей қазанда қайнатамыз. Шикі кеспені серіктестерімізден алып, кейін оны қайнатып, қайта кептіреміз. Кеспені басынан бастап дайындайтындай құрылғыларға қолымыз жетеді деген үмітіміз бар", - деді Майрамбек.

Тэги:Кыргызстан, Продукты питания

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети