05 қаңтар 2015 14:53

"Ты не пришла на новогодний бал" әні қостанайлықты YouTubе жұлдызына айналдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнероликтен алынған скриншот. Бейнероликтен алынған скриншот.

TengrinewsTV редакциясы бірнеше айдан бері Интернетте қызу талқыланып келе жатқан "Ты не пришла на новогодний бал. Автор! Лучший!" деп аталған бейнероликтегі кейіпкерді тапты. Ол - Қостанай қаласының тұрғыны Еркін Сүюбаев деген азамат. Ол ролик Интернетке салынғаннан кейін өмірінің қалай күрт өзгергені туралы айтып берді.

Жаңажылдық бал туралы әнді айтып беруді сұрап, оны Астанаға, Алматыға, Павлодарға, тіпті Ресейге де шақырған. Еркін ол әнді бірінші рет бала кезінде Қостанай облысындағы Наурызым ауылында естіген. Оның айтуынша, ән 80-90 жылдары өте танымал болған. Бұл әннің оған қатты ұнағаны сонша, ол сәл өзгертіп, әнді қазіргі заманға лайықтаймын деп шешкен. Бірақ бейнеролик интернетке кездейсоқ шыққан. Ол досының үйінде сол әнді орындап отырғанда, досының баласы Еркінді ұялы телефонға түсіріп алған. Бірақ жаңажылдық бал туралы ән Интернет жұлдыздың жалғыз туындысы емес, ол жақында тағы бірнеше попурриді қазақстандықтардың назарына ұсынып, бағасын аламын деп отыр.

Айта кетейік, бақытсыз махаббат туралы әннің бейнеролигі Интернетте 2014 жылдың басында пайда болды. Бейнежазбада ер адам домбырамен орысша және қазақша ән салады. YouTubе-тегі бұл бейнероликті 11 айдың ішінде 176 мың адам көріп, 200 пікір қалдырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети