23 тамыз 2014 16:36

Украина президенті Порошенконың ұлы діни рәсім кезінде есінен танып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скриншот Скриншот

Украина президенті Петр Порошенконың ұлы әулие София шіркеуіндегі діни рәсім кезінде есінен танып, құлап қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 


Украина президенті Петр Порошенконың ұлы әулие София шіркеуіндегі діни рәсім кезінде есінен танып, құлап қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Украиналық телеарналардың кадрында рәсім кезінде баланың жағдайы күрт нашарлағаны байқалады, ол бірнеше рет көзін жұмып, құлап қала жаздайды. Баланың артында тұрған Украинаның бұрынғы президенті Виктор Ющенко оны демеп қалған. 

БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, оқиғаға залдың ауасының тарылуы себеп болған. Осы жайттан кейін көп уақыт өтпей бала өз-өзіне келіп, храмдағы діни рәсімге қатысқан. 

23 тамызда Украина Ұлттық ту күнін атап өтті. Мерекелік шаралар Киевтегі София алаңында мемлекеттік туды көтеру шарасымен басталды. Аталмыш шараға Украинаның экс-президенттері Леонид Кравчук, Леонид Кучма және Виктор Ющенко, премьер-министр Арсений Яценюк, министрерлер, сондай-ақ Киев билігі мен Парламент жетекшілері қатысты.  Сонан кейін мейрам шіркеудегі діни рәсімге ұласты. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети