Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Үлкен Джордж Буш 90 жасын парашютпен секіріп атап өтпек

12 Маусым 2014, 21:16
0

АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш 90 жасқа толған туған күніне орай парашютпен секіреді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

"Бүгін Мэн штатында тамаша күн - парашютпен секіруге өте ыңғайлы", - деп жазады үлкен Буш өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында. АҚШ-тың 41-президенті осыдан бес жыл бұрын дәл осылай парашютпен секіруге сөз берген еді. Бірақ, соңғы уақытқа дейін оның ойлануы мүмкін екені хабарланбаған болатын.  

Үлкен Джордж Буш Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде алғаш рет Тынық мұхиттың үстіне парашютпен секірген. Алайда, ол сәтте Буш мінген ұшақ жарылған болатын. Бұдан кейін 75, 80, 85 жастағы мерейтойларын да парашютпен секіріп атап өтті. Осы жолы бұл қадамға барса, ол өмірінде 8-рет парашютпен секіреді.   

Қазір үлкен Джордж Буш ауруына байланысты мүгедек арбасына таңылған. Оның мерейтойына арнап, CNN телеарнасы "41 ON 41" фильмін әзірледі. Фильмнің премьерасы Әкелер күнінде, яғни 15 маусымда өтеді. Осы фильм үшін 41 адам сұхбат берген. Олардың ішінде АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама мен мерейтой иесінің жақын туыстары және үлкен Джордж Буштың өзі де бар. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай