Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық киіммен рэпке би билеген қыздар Желіде сынның астында қалды

22 Тамыз 2016, 09:42
1

Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары қазақтың ұлттық киімімен ағылшынша рэп айтып, би билеген үш қызды сынның астына алды. Болжам бойынша, Астанада түсірілген бұл видеоны таяуда dudoser деген қолданушы жария еткен. 

Қолданушылардың айтуынша, видео елордадағы "Тiлеп Кобыз Сарайы" көпфункционалдық кешенінің маңында түсірілген. Қолданушылардың басым бөлігі қыздардың әрекетіне сын көзбен қарады. Пікірлерінше, бойжеткендер "ұлттық киімді шетел әнімен қорлаған". Кейбір қолданушылар бұл әрекеттерін ешқашан қайталамауын сұраса, кейбірі тіпті де былапыт сөз жаза бастаған. 

Алайда қыздардың бұл әрекетін қолдағандар да табылды. Айтуларынша, қыздардың әннің ырғағын сезе отырып, нақышына келтіріп билеуі мақтануға тұрарлық. "Олар не істеп қойды? Стриптиз билеп жатқан жоқ қой! Әзілге айналдырып биледі. Қыздар туралы осындай жаман сөздер жазудың не қажеті бар? Сіздер оларды білмейсіздер де ғой! Осындай ашулы болуды қашан қоямыз! Олардың жанында болсаңыздар сіздер де көңіл көтерер едіңіздер!", - деп ақтап алуға тырысты қолданушылардың бірі. 

 

Девчонки жгут #Астана #Шымкент #Казахстан

Видео опубликовано Шымсайд (@dudoser)

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай