28 ақпан 2018 11:56

Ұлы мен әйелін жаңбыр астында қалдырған Трамп сынға ұшырады - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Twitter желісінің қолданушылары АҚШ президенті Дональд Трампты ұлы мен әйелін жаңбырға қалдырып кеткені үшін сынға алды, - деп хабарлайды РИА Нововсти


Twitter желісінің қолданушылары АҚШ президенті Дональд Трампты ұлы мен әйелін жаңбырға қалдырып кеткені үшін сынға алды, - деп хабарлайды РИА Нововсти

Оқиға Флоридадағы Палм-Бич әуежайында болған. Президент отбасы қысқы демалыстарын осында өткізген екен. Видеодан АҚШ президентінің қолына қолшатыр ұстап, ұшаққа көтеріліп келе жатқанын көруге болады. Ал осы кезде оның 11 жастағы ұлы Бэррон мен әйелі Меланья нөсер астында қалып қойған. 

Желі қолданушылары Трампты отбасына қамқорлығы жоғы үшін сынға алды. 

"Шашы маңыздырақ болып тұр. Нағыз ердің әрекеті", - деп келемеждеді британиялық актер Колин Макфарлэйн.

"Рыцарлар әлі де тірі, сэр!" - деп жазыпты Tyler McNamara.

Кей қолданушылар азаматтық мінез жағынан Трампты бұрынғы президент Барак Обамамен салыстыруға келмейтінін айтады және Обаманың қауіпсіздік қызметкерінен қолшатырды алып, әйелін қалқалағанын еске алды.

Тағы бір қолданушылар Трамптың қолшатырды дұрыс ұстай алмайтынын мазақ етті. 

"Колқолшатырды қалай ұстау керектігін білмейтін сияқты", - деп жазыпты Chris Ciancanelli.

"Жаюлы қолшатырмен есікке кірмек болғаны қызық екен", - деп жазыпты Brass Neck 69.

Дегенмен Бэррон және Меланья қолшатырдан өздері бас тартуы мүмкін деген болжам жасағандар да болды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети