29 қазан 2017 12:58

Ұлыбританиялық студент жігіт қыздар ұсынысқа "жоқ" дей алмайтын тәсіл ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© loveabout.ru © loveabout.ru

Ұлыбританиялық студент қыздарды кездесуге шақырғанда қарсылық білдіре алмайтын амал ойлап тапты, - деп хабарлайды Daily Mail.


Ұлыбританиялық студент қыздарды кездесуге шақырғанда қарсылық білдіре алмайтын амал ойлап тапты, - деп хабарлайды Daily Mail.

Джейк есімді жігіттің айтуынша, ол Ханна есімді қызды кешкі асқа шақырғысы келген, алайда ол қалай шақырарын білмеген. Студент жігіт университет профессорының көмегіне жүгінген. Профессор оған қарапайым сендіру және этос, пафос және логос риторикалық категорияларды қолдануды ұсынған. Студент пен ұстазы Ханнаның өмірін зерттеп, ол туралы бірнеше мәліметтерді тапқан. Ханна жаңа пәтерге көшіп жатқан, көп жұмыс істейді, қытай тағамын жақсы көреді және оның иті бар. 

Джейк осы еңбегін қорытындылай келе мынадай хат жазған: "Сәлем! Мен адамдардың ығырын шығаруды жақсы көрмеймін, алайда сен жұмыстан соң тыныш жерде болуды немесе жаңа пәтерге көшуіңе байланысты өмір сүру үшін аз да болса тамақ керек болса, мен сені кешкі асқа шақырамын. Бұл сенің итіңді көруге жақсы мүмкіндік болар еді, мен сол үшін де жазып отырмын".

 

Нәтижесінде Ханна Джейктің ұсынысын қабылдап, олар екеуі және Ханнаның Уинстон есімді итімен бірге кеш өткізген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети