Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Үндістанда тұңғыш рет трансгендер мэр болып сайланды

05 Қаңтар 2015, 23:20
0
Мадху Киннар. ©ndtv.com
Мадху Киннар. ©ndtv.com

Үндістан тарихында тұңғыш рет мэр сайлауында трансгендер жеңіске жетті, - деп хабарлайды Agence France-Presse. 4 қаңтар күні өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Мадху Киннар (Madhu Bai Kinnar) Райгарх қаласын басқаратын болды. Саяси бәсекеде ол қарсыласы - "Бхаратия Джаната парти" басқарушы партиясының өкілінен 4500 дауысқа басым түскен. 

"Адамдар маған сенетінін көрсетті. Мен бұл жеңісті маған деген сүйіспеншілік пен сенімнің белгісі деп есептеймін. Олардың арманын іске асыру үшін мен қолымнан келгенін істеймін", - деді 35 жастағы трансгендер Киннар. 

Мадху Киннар бұрын жергілікті электр пойыздарда ән салып, би билейтін болған. Өз кастасының өкілдері қала басшысы сайлауына қатысуды ұсынғаннан кейін ол бұл кәсібінен қол үзген. Енді белгілі қызтеке Чхаттисгарх штатындағы 150 мың тұрғыны бар Райгарх қаласына басшы атанды.

Киннар Үндістанның Жоғарғы соты үшінші жыныс өкілдерін заңдастырғаннан кейін тоғыз айдан соң мэр сайлауында жеңіске жетіп отыр. Үндістанда әйелдердің де, ерлердің де қатарына жатпайтын азаматтар 2014 жылдың сәуірінен бастап төлқұжаттарына "жынысы анықталмаған" деген мәртебені көрсетуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар оларға білім мен медициналық көмек алуға және жұмысқа орналасуға жеңілдіктер жасалатын болды. 

Айта кетейік, Үндістанда трансгендерлер ең төменгі кастаға жатады. Бұл қауым өкілдерінің саны ел халқының 17 пайызына тең. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай