20 қараша 2014 16:39

Үсеновтің жайы отбасы институты мәселелерінен хабар береді - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі Айқын Қоңыров Мақсат Үсеновтің әрекеті Қазақстандағы отбасы институты мәселелерінің қандай екенін көрсетеді деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі Айқын Қоңыров Мақсат Үсеновтің әрекеті Қазақстандағы отбасы институты мәселелерінің қандай екенін көрсетеді деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үсеновке қатысты жағдай бүкіл қоғамға сабақ болады деп ойлаймын. Белгілі бір мәртебесі бар, ата-аналарының белгілі бір қаражатына ие жастар ойлануы керек. Мен оның бұл жаста BMW X6 мен С-сыныпты Mercedes алуға табысы жеткеніне күмән келтіремін. Бұл жайт сондай материалдық ресурстары бола тұрса да, отбасы институтының ыдырап бара жатқанын көрсетеді", - деді Мәжіліс депутаты, коммунистер партиясының мүшесі Айқын Қоңыров Астанада өткен "Отбасы - қоғамның тірегі" тақырыбындағы брифингте.

Коммунистер партиясының мүшесі Үсеновтің ата-анасы ұлдарының іс-әрекетінен кейін қандай да бір қорытынды шығарды деп есептейді. "Мен оның әкесінің баласын "Бәріне пысқырып қарама" деп үйреткеніне күмәнім бар. Әкесінің баласына қарауға мұршасы болмаған шығар, содан ол есерсоқ болып өсіп, адами заңдарды аяқасты етіп жүр. Әкесі бұл туралы қатты өкінеді және бір қорытынды шығарады деп ойлаймын", - деді Қоңыров, оның айтуынша, Үсеновтің енді түзеле қоюы қиын.

"Қандай жағдай болғанда да жаңа жылға дейін ол сот шығарған жеңіл шешіммен құтылады. Келесі жылдан бастап, бұл бап күшейтіледі, оны бәрі біледі. Сондықтан бұл адамға қоғамдық жазғыру еш әсер етпейді деп ойлаймын. Ол алғашқы жағдайда-ақ мұның бәрін көрген", - деді Мәжіліс депутаты. 

 

Еске сала кетейік, 15 қараша күні Мақсат Үсенов тағы бір жол апатын жасаған болатын, оның салдарынан бір әйел зардап шекті, абырой болып, аман қалды. Үсенов 2013 жылдың соңында-ақ танымал болған еді, ол кезде BMW X6 көлігімен алты жаяу адамды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырды. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды, бірақ тараптардың өзара ымыраласуына байланысты іс жабылды. 2014 жылдың 4 ақпанында соттың шешімімен Мақсат Үсенов 45 тәулікке қамалды. Ол көлік жүргізу құқығынан алдымен екі жылға, кейін тағы екі жылға айырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети