25 желтоқсан 2015 11:19

Үш жасар бүлдіршін жүкті анасын құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Англияның Бристоль қаласында үш жасар қыз жүкті анасы мен бауырын құтқарып қалды, - деп хабарлайды "24.kz" телеарнасы.


Англияның Бристоль қаласында үш жасар қыз жүкті анасы мен бауырын құтқарып қалды, - деп хабарлайды "24.kz" телеарнасы.

Шешесі абайсызда басқыштан еденге оңбай құлап, есінен танып қалғанда бүлдіршін төтенше жағдайлар қызметінің 999 телефон номерін теріп, "анам баспалдақтан құлады, ішінде Джордж бар" деп хабарлаған. Осы оқиғадан кейін Эмманың анасы сәбиін 7 айлығында туыпты. Дәрігерлер қазір ақылды қыздың арқасында екеуінің де жағдайы бірқалыпты екенін айтып, сүйсініп отыр.

Төтенше жағдайлар қызметінің операторлары бүлдіршіннің ақылдылығын айтып, таңғалғанын жасырмады. "Жасына қарамастан, салмақты сөйледі. Үлкен балалардың өзі мұндай жағдайда қобалжып тұрады. Балақайдың жасы бар болғаны 3-те болса да, ақылды қадамға барғаны қызық", - деді ол.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети