05 қараша 2015 09:36

Ұшақта жолаушының туған күніне тосын сый жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Ақтау-Ереван рейсінің жолаушысын достары бортта туған күнімен ерекше құттықтады, - деп хабарлайды "Лада".


Ақтау-Ереван рейсінің жолаушысын достары бортта туған күнімен ерекше құттықтады, - деп хабарлайды "Лада".

Рубен Микаэляннің құрметіне ұшақ салонында оның туған тілі - армиян тілінде ән шырқалды. Жолсерік армян тілін білмегендігін, дегенмен идеяны қолдағанын айтты. Ұшақ 10 мың метр биіктікке көтерілгенде стюард ән шырқай бастады. Оған туған күн иесінің достары мен қалған жолаушылар қосылды.

Микаэляннің туған күніне тосын сыйды оның достары дайындаған.  "Біз оның туған күнінен бір апта бұрын біздің рейстің жолсерігін тауып алып, одан көмек сұрадық. Армян тіліндегі әнді жаттап үлгеруі үшін оған мәтінді бердік", - деді құттықтаушылардың бірі Юрий Оганян.

Туған күн иесі Микаэлян болса мұндай сыйды күтпегенін айтты. "Бұл күтпеген жағдай болды. Мұндай тосын сый менің туған күнімде алғаш рет ұйымдастырылып отыр", - деді Микаэлян.

Жолаушыны құттықтау сәті түсірілген видеоны Интернетке рейс жолаушылары жүктеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети