19 қаңтар 2018 14:04

Үйіне 1,5 жыл бойы кісі жолатпаған әжейдің баспанасындағы сұмдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  e1.ru © e1.ru

Екатеринбургте 1,5 жыл бойы коммуналдық қызметтегілерді үйіне жолатпаған әжейдің пәтеріне кіру мүмкін болды. Зейнеткер үшін бүкіл үй газсыз қалған. Себебі қызметкерлер үйдің ішіндегі жабдықтың ақауы бар-жоғын тексере алмаған. Коммуналдық қызметкерлер пәтерге сот отырысынан кейін ғана кіре алды, - деп жазады Е1 порталы.

Осыған байланысты Малышев көшесі, №116 үйде арнайы операция жүргізілген. Пәтерге сот органдарының қызметкерлері, "Екатеринбурггаз" АҚ өкілдері мен ондаған журналист келген.

"Пәтерде жаман иіс, тарақандар. Мысық пен иттері де тола. Әйелдің есі дұрыс емес. Осы үйде 30 жылдан аса уақыт тұрып жатыр", - дейді осы үйдің тұрғыны Денис. Көршісінің айтуынша, әйелдің жасы шамамен 60-та. Балалар дәрігері болып жұмыс істеген.

Пәтерге кіргенде коммуналдық қызметтегілердің үйдің ішінде толып жатқан қоқыстарды мен тарақандарды көрген. Компанияның басқарушы директоры Михаил Плешаковтың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр.

Әйелдің өзі қоқыстарды шығарып тастауға қарсы емес екенін айтады. Сондай-ақ, зейнеткер ешқандай туысы жоқ екенін айтып өтті. 

"Пәтер қоқысқа толы, дәнекерлеу мүмкін емес. Адам өтетін жолды тазарту керек", - деді "Екатеринбурггаз" АҚ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети