02 ақпан 2016 10:49

Виртуал суыр Фил Қазақстанда қыстың ұзаққа созылатынын болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы видеоның скриншоты АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы видеоның скриншоты

Виртуал суыр Фил Қазақстанда қыстың ұзаққа созылатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Виртуал суыр Фил Қазақстанда қыстың ұзаққа созылатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақ және орыс тілдерінде видео пайда болды. Видеода Фил есімді суыр қазақстандықтарға ауа райын болжап береді. "Сәлем, 2 ақпан күні Америкада Суыр күні атап өтіледі. Ал мен көктемнің қашан күтілетінін болжайтын суырмын. Америка Құрама штаттарының елшілігі Қазақстанда қыстың қашан қайтарын менен сұрайды. Ендеше айтарым, бұл қыс ұзақ болады", - дейді суыр. 

Бүгін, 2 ақпанда АҚШ пен Канадада Суыр күні атап өтіледі. АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Фил әлемдегі басты болжаушы суыр саналады. Дәстүр бойынша, мереке кезінде адамдар оның үйінен шығуына қарап, көктемнің қашан келетінін болжайды. Егер ол көлеңкені көріп, үйіне қайта кіріп кетсе, қыс ұзаққа созылады, ал егер көлеңке болмаса, жануар сыртта қалады, бұл көктемнің ерте шығатынын білдіреді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети