03 қаңтар 2015 23:28

Зейнетке шығуға ең қолайлы 10 ел анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамандар зейнеткерлерге барлық жағдайды жасаған ең үздік елдердің рейтингін жасады. Зейнеткерлікке 2015 жылы Эквадорда шыққан егде жастағы адамдар үшін тиімді болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жыл сайын зейнеткерлердің өмір сүруіне қолайлы мемлекеттердің тізімін жасайтын International Living компаниясына сілтеме жасап. Компания мамандары рейтингті әр елдің климатына, денсаулық сақтау жүйесіне, тұрмыстық құнына және тағы да басқа параметрлеріне қарап жасады.

Эквадордың бірінші орында тұруына елдегі көрікті жерлердің көп болуы, жылжымайтын мүлік бағасы мен тұрмыстық құнның төмен болуы және мемлекеттен қарастырылған зейнеткерлерді арнайы қолдау жүйесінің бар болғаны себеп болды. Бұл елдің 65 жастан асқан азаматтары авиабилеттерді жеңілдіктермен алады, спорттық шаралардың, кинотеатр мен жол ақысының және коммуналдық қызмет ақысының тең жартысын ғана төлейді. 

Екінші орында Панама тұр. Бұл елге көшіп барғандарға арнайы "Пенсионадо" (Pensionado) визасы беріледі. Бұл бағдарлама өмір бойы 1000 АҚШ доллары немесе 185 мың теңге көлемінде зейнетақы алатындарға арналған. "Пенсионадо" визасы бар зейнеткерлер медициналық қызметті 20 пайыздық жеңілдікпен, көңіл көтеру 50 пайыз, мейрамхана, авиабилет, электр және телефон ақысын 25 пайыздық жеңілдікпен төлей алады. Бірақ Панамадағы тұрмыстық құнның мөлшері Эквадордан әлдеқайда жоғары. Тізімнің үшінші орнында Мексика тұр. Бұл елдің алдыңғы қатардан табылуының бір себебі ағылшын тілінің кең таралуы болды. Сонымен қатар, мұнда америкалық тауар мен қызмет көрсету түрлерін жергілікті бағада табуға болады. Мексикада денсаулық сақтау саласындағы қызмет ақысы арзан және демалу орындары мен климат зоналары өте көп. 

Зейнеткерлер үшін әлемдегі ең қолайлы 10 елдің қалғандары: Малайзия, Коста-Рика, Испания, Мальта, Колумбия, Португалия және Тайланд. Тайланд халқының қонақжайлылығы, мейрамханалар мен көңіл көтеру орындарының, сондай-ақ көрікті жерлерінің көптігі жоғары бағаланды. Сонымен қатар, бұл елдегі денсаулық сақтау жүйесі жақсы жұмыс істейді, бағасы да арзан. Ал Испания мен Португалия Еуропада орналасқаны үшін ТОП-10 қатарына кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети