16 жастағы қазақстандық қыз Түркияда Miss International титулынан үмітті

07 Қыркүйек 2017, 10:46
0
16 жастағы қазақстандық қыз Түркияда Miss International титулынан үмітті -

Семейлік 16 жастағы қыз Түркияда өтетін Miss International-2017 халықаралық жобасының финалына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данара Бекмурзаева биыл маусым айында Қазақстан бойынша өткен Miss International жобасының бас жүлдесін алған еді. Енді ару осы жобаның Түркияда өтетін финалында өнер көрсетуге дайындалып жатыр. Айта кетейік, байқау 8-15 қазан аралығында өтеді.

Қазақстандық ару Данара Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде оқиды. Былтыр ол "Семей аруы -2016" атанған екен.

Семейлік Данара Бекмурзаевадан басқа Қазақстан атынан тағы төрт модель қатысады. Олардың арасында анасы мен қызы - Дана Мұхамеджанова мен Балжан Бейбітқызы, Алтынай Нұрбекова мен Нұргүл Құсайынова бар. Барлық қатысушы - Miss International республикалық турының жеңімпаздары.

Дана Мұхамеджанова мен қызы Балжан Бейбітқызы.

Дана Мұхамеджанова - Fashion House International Семей 2016 аруы, Fashion House International Gold - 2017 байқауының жеңімпазы.

Балжан Бейбітқызы - Өскемен-2017 байқауының бірінші вице-аруы, сондай-ақ, Fashion House International-2017 байқауында жүлделі болған.

Алтынай Нұрбекова -  Семей-2017 Fashion House International байқауының бірінші вице-аруы, Қазақстан- 2017 Fashion House International байқауының бірінші вице-аруы.


Барлық сурет пен видео қатысушылардың жеке мұрағатынан алынды.

Нұргүл Құсайынова - "Yang" Fashion House International бірінші вице-аруы, "Yang" Fashion House International - Қазақстан 2017 бірінші вице-аруы. 

Айта кетейік, Miss International байқауына үш жастан жоғары арулар қатысады. Іс-шараны World Beauty компаниясы өткізеді. Ал Қазақстанның осындай ірі жобаға қатысып жатқанына тоғыз жыл болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай