16 жастағы студент "Семей аруы-2016" атанды

30 Қазан 2016, 10:52
0
16 жастағы студент "Семей аруы-2016" атанды -

"Семей аруы-2016" байқауын 16 жастағы Данара Бекмұрзаева жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің бірінші курсының студенті бұл конкурсқа кездейсоқ қатысқан, байқауға екі апта қалғанда ғана қатысу туралы шешім қабылдапты.


Бекмұрзаеваның Instagram желісіндегі суреті

"Екі апта бұрын біз осы музыкалық колледжде бір студент қыздың диплом жұмысын өткіздік. Сонда бір қызды байқап қалдық. Бұған дейін ол сұлулық байқауларына қатысып көрмепті. Біз оған қатты қызығып, қылығын байқадық. Табиғи қалпы өте жақсы, бет пішіні айқын, көзқарасы тұнық", - дейді конкурстың ұйымдастырушысы Айна Тоғысова. 

Ұйымдастырушылардың таңдаған қатысушысы конкурстың барлық кезеңінде де үздік шықты. "Мен бұл конкурсқа қатысамын деп ойламаған едім. Ойламаған жерден болды. Тіпті конкурсқа қатыссам да, жеңемін деп ойламадым. Себебі қарсыластарым мықты болды - кәсіби модельдер. Өз мүмкіндігімді тексергім келді және бұл байқау бірінші кезекте маған үлкен сабақ болды. Хореограф оқуын оқып жатырмын. Бірақ бұл оқиғадан кейін модель болу туралы арман пайда болды", - деді жеңімпаз.

Енді ару Шығыс Қазақстан облысының атынан Астанада 10 желтоқсанда өтетін республикалық финалда шығады. Конкурсқа жалпы Семей мен облыстың жақын аудандарынан 8 қыз қатысты. Айта кетейік, биыл конкурс ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен конкурстың 20 жылдығына арналды. Сондықтан да конкурста ұлттық бояу ерекше болды. Бірінші вице-ару титулы 11 сынып оқушысы Дина Бақтиярқызына бұйырса, екінші вице-ару Алуа Әділхановада, үшінші вице-ару Зарина Сайламбекова.

 

© Tengrinews.kz


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай