31 тамыз 2017 13:33

Mrs. Worldwide International 2017 сұлулық байқауында қазақстандық ару ұлттық киіммен арнайы сыйға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қазақстандағы "Бүкіләлемдің сұлулық конгрессі" © Қазақстандағы "Бүкіләлемдің сұлулық конгрессі"

Сингапурде өткен Mrs. Worldwide International 2017 сұлулық байқауында Қазақстаннан барған ару қызды ұлттық нақышта тігілген киім үшін арнайы сыйлықпен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бүкіләлемдік сұлулық конгрессінің" Қазақстандағы өкілі София Рузиеваға сілтеме жасап. 

Mrs. Worldwide International 2017 конкурсы тұрмыс құрған әйелдер арасында өткізіледі. Бұл байқауға Қазақстан атынан 31 жастағы Динара Еділова қатысты. Конкурстың финалы 28 тамызда өтті. Қазақстандық аруға киімді тіккен отандық дизайнерлер - Дана Нәби мен Малика Дүйсенбаева. 

Динара Еділова үш баланың анасы және Ақтөбенің іскер әйелдері кеңесінің мүшесі. 

"Конкурстан тамаша әсер алдым! 27 елден келген сұлу әйелдер 7 күн бойы еңбектенді. Тәулігіне 3-4 сағат қана ұйқы. Фотосессиялар мен БАҚ өкілдерімен кездесу - барлығы бір демде өте шықты. Өз елім үшін мақтаныш сезімі кернеп тұр. Сыйлықтарды табыстау менен басталғаны күтпеген жағдай болды. Барлық қонақ суретке түсу үшін кезекке тұрған кезде ішімдегі мақтаныш сезімі тулап қоя берді. Мен бақыттымын!", - дейді Динара Еділова. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети