26 қаңтар 2015 12:13

"Әлем аруы-2014" байқауының жеңімпазы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әлем аруы-2014" байқауының жеңімпазы. ©Байқаудың ресми сайты "Әлем аруы-2014" байқауының жеңімпазы. ©Байқаудың ресми сайты

"Әлем аруы-2014" байқауында Колумбияның 22 жастағы өкілі Паулина Вега жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Әлем аруы-2014" байқауында Колумбияның 22 жастағы өкілі Паулина Вега жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Колумбиялық қатысушы байқау басталмай тұрып, фаворит атанған еді. Енді ол жыл бойында әлемге саяхаттап, қайырымдылық шараларына қатысады. Барлық шығында Miss Universe ұйымы өз қалтасынан төлейді. Жеңімпазға тәжді 2013 жылы ең сұлу ару атанған Габриела Ислер салтанатты түрде кигізді.

Айта кетейік, "Әлем аруы-2014" 27 маусымда Қазақстанға келіп, "Опералық балдың" тележүргізушісі болады.

"Әлемнің І вице ару" титулы АҚШ аруы Ни Санческе бұйырды, Украина қатысушысы "ІІ вице ару" атағын жеңіп алды, "ІІІ вице ару" титулын Ясмин Верхейджен алды. Ал қазақстандық Айдай Исаева Майамиде өткен "Әлем аруы-2014" байқауынан шығып қалды.
Венесуэла, Колумбия, Украина, Австралия, Италия, Үндістан, Испания, Франция, Индонезия, Филиппин, Аргентина, Ямайка, Бразилия, АҚШ және Нидерланды елдерінен 15 ару финалға шықты.

Паулина Вега

Паулина Вега

"Венесуэла аруы"

"Филиппины аруы"

"Ямайка аруы"

"АҚШ аруы"

"Австралия аруы"

"Украина аруы"

Кеше қатысушы қыздар ұлттық киімді таныстырған еді. Исаева Аида Кауменованың тіккен көйлегін киді, ал кешкі киім үлгісінде Наиль Байкүшіковтің туындысымен шықты. Ақтық сынға үш апта қалғанда қыздар қайырымдылық акцияларына қатысты, гольф ойнап үйренді, бразилиялық суретші Ромэро Бриттомен бірге ғимарат қабырғасына сурет салды, ұлт шеруіне қатысты.

"Қазақстан аруы" Айдай Исаева

"Ресей аруы"

Қатысушылардың суреттері байқаудың ресми сайтынан алынды Missuniverse.com©

Айта кетейік, «Әлем аруы» байқауы тұңғыш рет 1952 жылы өтті. Байқау сән көрсетілімдерінің ең үздік 4 конкурсының қатарына кіреді: «Дүниежүзі аруы», «Жер аруы» және «Халықаралық ару». Байқау америкалық кәсіпкер Дональд Трамптың меншігінде. Еске сала кетейік, 2013 жылы Венесуэла атын қорғаған Габириела Ислер «Әлем аруы» атанған еді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети