Әлемдегі ең әдемі қыз бала Мәскеуде тұрады

02 Желтоқсан 2014, 11:12
0
Әлемдегі ең әдемі қыз бала Мәскеуде тұрады - ©instagram.com/kristinapimenova2005
©instagram.com/kristinapimenova2005

Мәскеудің тоғыз жастағы тұрғыны Кристина Пименова "болашақ топ-модель" және "әлемнің ең әдемі қызы" титулына ие болды. Оған бұл мәртебені әлем БАҚ-тары, белгілі дизайнерлер мен әлеуметтік желідегі көптеген жанкүйерлері беріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның Facebook желісінде 2 миллионнан астам жазылушысы бар, ал Instagram желісінде оны 370 мың қолданушы бақылап отырады. Мектеп оқушысының өз өмірі жайлы суреттері онмыңдаған лайк жинайды. Кристина подиумға 3 жасынан бастап шығыпты. Dolce&Gabbana көрсетілімдеріге қатысып, Vogue журналының балалар туралы нұсқасының басты бетіне шыққан. Сонымен қатар, Roberto Cavalli және Benetton жарнамаларына түсіп үлгерген. Таяуда Kinder атты танымал компанияның ресми тұлғасына айналды.

Кристинаның анасы Гликерия Широкова модель болған, ал қазір ол үй шаруасында. Әкесі - футболшы Руслан Пименов. Екеуі де қыздарының мансап жолына ерте бастан түсуіне қарсылық білдірмепті.

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай