Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Алматы аруы - 2015" байқауын 20 жастағы студент қыз жеңіп алды

11 Қыркүйек 2015, 23:21
1
© Владимир Прокопенко
© Владимир Прокопенко

Түмен мемлекеттік сәулет-құрылыс уверситетінде оқитын 20 жастағы студент қыз Регина Вальтер "Алматы аруы - 2015" байқауын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұлулық байқауы қаладағы мейрамханалардың бірінде өтті. Конкурстың финалына өткен 12 қыз ұлттық киімдер киіп шықты. Бұдан кейін олар өздерінің дайындаған номерін, ал кейін алдағы универсиадаға арналған номер көрсетті - арулар спорт киімдерімен шықты. "Алматы аруы - 2015" қатысушылары кешкі киім үлгісімен сахнаға шықты.

Қазылар алқасының шешімімен "Алматы аруы - 2015" байқауында Регина Вальтер жеңіске жетті. "Жеңіске жетемін деп ойламадым, бұл менің түсім сияқты. Эмоциям арнасынан тасып тұр! (...) Біз қыздармен бірге көп уақытымызды бірге өткіздік. Меніңше, бұл байқауға қатысудың өзі ерлік. Бізде әрдайым репетициялар, дайындықтар жүрді. Жеңіске жету үшін көп еңбек еттім, қаншама уайым болды. Бұл күн тығыз болды - жүгіріп жүргенімізге 10 сағат болды", - деді байқаудың жеңімпазы.

Оған жеңімпаздың тәжін "Қазақстан аруы - 2014" Регина Вандышева кигізді. Айта кетейік, Вальтер бұрынғы арумен аттас. Ол өз атының жеңіске жетелегеніне сенетінін айтты. "Меніңше бұл маған көмектеседі. Регина - күш!",- деді "Алматы аруы - 2015".

Айта кетейік, енді Регина Вальтер "Әлем миссисі - 2016" байқауына қатысады. "Шынымды айтсам "Әлем миссисі" байқауына баруға жүрексініп тұрмын. Жақсылап дайындалып, еліміздің сенімін ақтаймын деп ойлаймын", - деді Регина Вальтер.

"Қазақстан аруы - 2014" Регина Вандышева жеңімпазға сәттілік тіледі. "Жыл сайын пікір де, сұлулықтың үлгісі де ауысып отырады. Сұлулықтың мәні әркімнің таңдауына, жеке пікіріне байланысты. Лайықты қыз жеңді. Енді ол "Әлем миссисі" байқауында елімізді лайықты түрде таныстырады деп үміттенемін. Оған сәттілік тілеймін. Біздің есімдеріміз латын тілінен аударғанда "патшайым" дегенді білдіреді, сондықтан оған сәттілік", - деді Вандышева.

Бірінші вице-мисс - Әсел Мақашева. Екінші вице-мисс - Тамила Сәрсенова. "Модель ару" титулын Гүлжан Дәулетова жеңіл алды. Ал "Суперстар аруы" аталымын Фариза Күлекенова жеңді. Сонымен қатар, "Алматы аруы - 2015" байқауында халықтық дауыс беру рәсімі болып өтті, онда Мария Жиленко жеңіске жетті. Ол "Халықтың таңдауындағы ару" атанды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай