14 желтоқсан 2018 10:45

Алматылық қыз "Әлем аруы" байқауының финалына өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Тайландта "Әлем аруы" байқауы өтіп жатыр. Қазақстанның атынан алматылық Сабина Әзімбаева өнер көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Тайландта "Әлем аруы" байқауы өтіп жатыр. Қазақстанның атынан алматылық Сабина Әзімбаева өнер көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жартылай финалда қыздар жағажайға арналған шомылу киімімен жүріп өтті. Қазақстандық қыз шыққан уақытта көрермендер орнынан тұрып шапалақ ұрған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MISS ALMATY 2017 (@sabina_azimbayeva)

Сонымен қатар, кешкі көйлекпен шығу көрсетілімі басталды. Сабина Әзімбаева шлейфі бар элегантты көйлекпен шықты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Miss Kazakhstan (@misskazakhstan_official)

Таиландта 10 желтоқсанда байқауға қатысушысылар түрлі-түсті, әсерлі киімдерімен дефиле көрсетті. Онда 19 жастағы "Алматы аруы - 2017" Сабина Әзімбаева Алтын адам бейнесінде шықты. Айта кетсек, костюмнің салмағы - шамамен 30 келі.

Сабина Әзімбаева Алматы қаласында 2000 жылы 14 ақпанында дүниеге келген. "Тұран" колледжын "аудармашы және гид" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы "Алматы аруы" байқауын жеңген. Сондай-ақ, "Ұйғыр аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы.

"Әлем аруы" байқауы 26 қарашада басталды. Екі апта ішінде 95 елден келген қатысушылар фотосессияға, қайырымдылық акциялар мен басқа да іс-шараларға қатысты. Байқаудың ақтық сыны 17 желтоқсанда болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети