Әсел Жолдасова "Жер аруы-2014" байқауына қатысады

13 Қараша 2014, 10:21
0
Әсел Жолдасова "Жер аруы-2014" байқауына қатысады - ©Top-Antropos.com
©Top-Antropos.com

Таяуда "Жер аруы-2014" халықаралық байқауына Қазақстанның атынан кімнің қатысатыны белгілі болды. Байқаудың финалы 29 қарашада Филиппинде болады. Байқаудың ресми сайтында Әсел Жолдасованың аты-жөні жазылды. Әсел - Астана қаласында тұратын модель, Көкшетаудың 2010 жылғы бірінші вице-мисс титулының иегері, "Қазақстан аруы-2013" байқауының жеңімпазы. Фигурасының өлшемі - 85-60-87.

Басқа да халықаралық конкурстарға қатысатын қазақстандық аруларға тоқталсақ, әзірше "Әлем аруы-2014" байқауына "Қазақстан аруы-2013" титулының иегері Айдай Исаеваның баратыны ғана белгілі. Ал "Әлем аруы" конкурсының ресми сайтында Қазақстан байқауға қатысатын аруды таңдамаған елдердің қатарында тұр.

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай