Фото Андрей Халин
Әнші әрі актриса Аша Матай қазақстандық дизайнер Малика Усупованың Malique әйелдер киімінің жаңа брендін жарнамалайтын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz express-k.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Сән әлемінің шыңын бағындыруды мақсат еткен Малика Усупова есімдері әлемге танымал Валентин Юлдашкин мен Денис Симачевтың шәкірті. Малика өз брендін жарнамалауға Аша Матайдың келбетін таңдапты. Қазақстандық сән апталығына бірнеше күн қалғанда Малика манекеншілерге биязы жүннен жасалған киізден аяқ киім тікпек болады. Уақыттың тарлығынан ойдағыдай аяқ киім тігуге қиналған Маликаға Аша көмекке келген еді. "Ешқашан тігумен айналыспасам да, жап-жақсы, шағын аяқ киім шықты. Тіпті өзім таңғалдым. Қазір Малика күз-қыс мезгілдері топтамасымен айналысып жатыр. Мен оның шеберханасына жиі барып тұрамын. өзімнің ойымда жүрген киімдердің ерекше дизайндарымен бөлісемін. Малика менің ойымды оқығандай, жақсы түсінеді. Оған менің кейбір идеяларымның ұнайтынын жасырмайды. Дегенмен маған дизеайнерлікпен айналысу туралы ойлау ертерек секілді", – дейді Аша Матай.
Әнші әрі актриса Аша Матай қазақстандық дизайнер Малика Усупованың Malique әйелдер киімінің жаңа брендін жарнамалайтын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz express-k.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Сән әлемінің шыңын бағындыруды мақсат еткен Малика Усупова есімдері әлемге танымал Валентин Юлдашкин мен Денис Симачевтың шәкірті. Малика өз брендін жарнамалауға Аша Матайдың келбетін таңдапты.
Қазақстандық сән апталығына бірнеше күн қалғанда Малика манекеншілерге биязы жүннен жасалған киізден аяқ киім тікпек болады. Уақыттың тарлығынан ойдағыдай аяқ киім тігуге қиналған Маликаға Аша көмекке келген еді.
"Ешқашан тігумен айналыспасам да, жап-жақсы, шағын аяқ киім шықты. Тіпті өзім таңғалдым. Қазір Малика күз-қыс мезгілдері топтамасымен айналысып жатыр. Мен оның шеберханасына жиі барып тұрамын. өзімнің ойымда жүрген киімдердің ерекше дизайндарымен бөлісемін. Малика менің ойымды оқығандай, жақсы түсінеді. Оған менің кейбір идеяларымның ұнайтынын жасырмайды. Дегенмен маған дизеайнерлікпен айналысу туралы ойлау ертерек секілді", – дейді Аша Матай.