12 қараша 2015 23:24

"Астана аруы - 2015" анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Камила Темірова "Астана аруы - 2015" болды. © Тұрар Қазанғапов Камила Темірова "Астана аруы - 2015" болды. © Тұрар Қазанғапов

"Астана аруы - 2015" анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл атақты заң факультетінің 21 жастағы студенті Камила Темірова жеңіп алды.


"Астана аруы - 2015" анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл атақты заң факультетінің 21 жастағы студенті Камила Темірова жеңіп алды.

Камила Щучинск тумасы, Тараздағы университетте оқиды, Астанада тұрады. "Бақыттымын. Күтпедім, мені жариялап жатыр ма деп ойлап тұрып қалдым", - дейді жеңімпаз.

Бірінші вице-ару титулын Бану Қадырханова, екінші вице-ару атағын Гауһар Жұмағатова, ал үшінші вице-ару атағын Виктория Алексеева иеленді.  

Сонымен қатар, түрлі брендтердің аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.  

Бүгін, 12 қарашада "Астана аруы - 2015" ұлттық конкурсының финалы өтті. Финалдық шоуға 20 қыз қатысты. Финалистер көрермен алдына төрт түрлі сәнде шықты: қатысушыларды таныстыру, ұлттық әшекейлердің көрсетілімі, би конкурсы және кешкі киіммен сән көрсету.

Қазылар алқасының құрамында "Алматы аруы - 2011" титулының иегері Әлия Әнуарбек, сенатор Бірғаным Айтымова, әнші Алмас Кішкенбаев, "Астана" футбол клубының шабуылшысы Бауыржан Жолшиев және басқалар болды.  

Айта кетейік, "Астана аруы" титулының жеңімпазы және үш вице-ару "Қазақстан аруы" конкурсына елорданың атынан шығады. Конкурс 10 желтоқсанда Астанада өтеді.  

© Тұрар Қазанғапов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети