16 наурыз 2016 22:57

Астанада "Қазақ аруы-2016" таңдалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Оспан Әли © Оспан Әли

Астанада "Қазақ аруы-2016" сұлулық байқауының финалы болып өтті. Атырау облысының өкілі Альмира Ахатова жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада "Қазақ аруы-2016" сұлулық байқауының финалы болып өтті. Атырау облысының өкілі Альмира Ахатова жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ал бірінші орынды Сәбина Теңбай алды, екінші орынға Аяулым Мақұмова лайық болды, үшінші орында Гүлімай Оразбек. 

© Оспан Әли

Финалға Қазақстанның түрлі қалаларынан 16-22 жас аралығындағы 21 ару қатысты. Бұл конкурсқа қатысудың негізгі талабы - ұлттық дәстүр мен қазақ тілін білу. "Қазақ аруы" байқауы осымен алтыншы рет, ал Астанада үшінші рет өтіп отыр.

© Оспан Әли

Қатысушыларды құрамына сенатор Бірғаным Әйтімова, продюсер Баян Есентаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Астананың мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, "Хабар" телеарнасының бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаев, конкурстың 2014 жылғы жеңімпазы Гүлназ Жоланова, дизайнер Аида Қауменова, боксшы Данияр Елеусінов және басқалар кірген қазылар алқасы таңдады. 


© Оспан Әли

Конкурс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - қатысушылар қазақстандық дизайнерлердің кешкі салтанатқа киетін киімін көрсетеді. Екінші кезеңде қыздар қазылар алқасына өз дарынын көрсетеді. Үшіншісі - зияткерлік, қыздар қазақтың ұлттық дәстүрі мен салты жайлы сұрақтарға жауап берді. 

Еске салайық, 2015 жылы "Қазақ аруы" байқауында қарағандылық ару Кәмшат Қоскелова жеңімпаз болған еді. Ал 2014 жылы Маңғыстау облысының намысын қорғаған Гүлназ Жоланова жеңімпаз атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети