20 ақпан 2014 12:32

"Атырау аруы" ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©dialmodels.ucoz.ru ©dialmodels.ucoz.ru

"Атырау аруы" байқауын ұйымдастырушылардың бірі, әрі бірегейі "ДиАл" модельдік агенттігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Атырау облыстық ІІД-іне сілтеме жасап. Қылмыстық іс "Алаяқтық" бабы бойынша қозғалған. Жәбірленуші ретінде құқық қорғау органына шағым түсірген "Атырау аруы - 2013" байқауының жеңімпазы Назерке Файзуллиннен сұрау алынған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Еске саламыз, "Атырау аруы" байқауына қатысты қаржылық дау-дамай "Қазақстан аруы" байқауы өткеннен кейін шыққан. Ол кезде 16 жасар Назерке Файзуллиннің туыстары әлеуметтік желілерге жергілікті байқаудың ұйымдастырушысын жемқор деп атап, пікірлерін жазған еді. Атыраулық байқауды ұйымдастырушылар Назеркенің туыстарына: "Қыздарыңызды "Қазақстан аруы" байқауында финалисттер қатарынан көргілеріңіз келсе, онда қосымша тағы ақша берулеріңіз керек" дегені былай тұрсын "Атырау аруы" байқауының жеңімпазына тиесілі 100 мың теңгені де бермей қойды", - дейді Атырау аруының жақындары. Ал "ДиАл" агенттігінің директоры, әрі "Атырау аруы" байқауының ұйымдастырушы Диана Качиева болса, айтылған бұл әңгімелердің барлығы жала, ақшаға қатысты ешқандай да түсініспеушілік болған емес деуден танар емес. "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының дирекциясы арада бірер уақыт өткенде бұл іске қатысты терсеру жұмыстары жүргізілетінін, егер айыптаулар анықталып жатса аталған агенттікпен арадағы келісім-шарт бұзылатынын да айтып қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети