22 маусым 2017 15:13

Франциялық фитнес-модель кілегей араластыруға арналған ыдыс жарылып қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© obozrevatel.com © obozrevatel.com

Белгілі франциялық модель Ребекка Бургер кілегей араластыруға арналған құрылғының жарылуынан көз жұмды, - деп хабарлайды РИА Новости. Әйелдің өлімі жайлы оның туыстары мәлімдеді.


Белгілі франциялық модель Ребекка Бургер кілегей араластыруға арналған құрылғының жарылуынан көз жұмды, - деп хабарлайды РИА Новости. Әйелдің өлімі жайлы оның туыстары мәлімдеді.

"Қайғылы хабар жеткзуге тура келіп тұр, 2017 жылдың 18 маусымында Ребекка қайғылы жағдайдан мерт болды. Мұңға батқан отбасы", - делінген модельдің Instagram желісіндегі соңғы жазбасында. 

Сонымен бірге, Бургердің туыстары жарылған құрылғының суретін жариялаған. Жарылыс болған сәтте ыдыс әйелдің кеуде тұсына соғылып, жүректің тоқтауына әкелген. Сонымен бірге, олар мұндай құрылғылардан аулақ болуға шақырды. 

Ребекка 33 жаста болған. Instagram желісінде оның парақшасына 150 мың адам жазылған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети