17 қазан 2017 13:07

"Хан Шатыр аруы" қатысушысы даулы тікелей эфирін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хан Шатыр аруы 2017" сұлулық байқауының қатысушысы Наталья Лапкина Instagram желісіндегі тікелей эфирінен белгісіз біреулер үзінділерді қиып, конкурсқа қатысты әшкерелейтін мәлімет жасағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Хан Шатыр аруы 2017" сұлулық байқауының қатысушысы Наталья Лапкина Instagram желісіндегі тікелей эфирінен белгісіз біреулер үзінділерді қиып, конкурсқа қатысты әшкерелейтін мәлімет жасағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сол жақта тікелей эфир жасаған Н.Лапкина, оң жақта - "Хан Шатыр аруы 2017" С.Сексенбаева

Астанада "Хан Шатыр аруы 2017" байқауының қатысушылары әлеуметтік желілерде таралып жүрген қатысушы қыздардың конкурс демеушілерімен "кештің жалғасуын сұрағаны" жайлы видеороликке қатысты пікір білдірді. 

"Мен кеше кешкі уақытта тікелей эфирге шықтым (Instagram әлеуметтік желісінде - Авт.). Шын мәнінде конкурста мен жеңіске жетпедім. Жанкүйерлерімнің сұрағына жауап беру үшін тікелей эфирге шыққан едім. Өз эфирімді мен сақтап қоймаған да едім. Ал келесі күні таңертең жағамды ұстадым, сөйтсем, менің эфирге шыққанымды біреулер видеоға түсіріп, оны қиып, видео жасапты, ондағы сөздерім бір-бірімен еш байланыспайды. Сөздерімді қиып-қиып, қоя салған", - деп мәлімдеді Наталья Лапкина "Хан Шатыр" сауда орталығындағы баспасөз мәслихатында. 

Қыз конкурс аяқталғаннан кейінгі ертесі күні эфир жазылғанын айтып отыр. Эфирдегі видео кадрларынан Натальяның кешкі сауықта қыздардың не үшін жиналып отырғанын сұрағаны, сосын оларға демеушілердің "жалғасы болғанын қалаймыз" деп жауап бергенін айтқандай болады. 

Наталья журналистерге шараның аяқталуына орай ұйымдастырылған кешке мүлдем қатыспағанын, ондағы мән-жайды құрбыларының айтуынша баяндағанын түсіндірді. 

"Мұның бәрі де қыздардың айтуынша болған еді, мен оған жауап бермеймін. Ешкімге жала жаппаймын, эфирде бірде-бір адамның аты-жөнін атамадым. Ольгаға алғысымды ғана айттым (Ольга Шанталь "Хан Шатыр аруы" авторы - Авт.). Сосын мен Сабинаның (Сексенбаева - Авт.) әділ жеңгенін, титулды сатып алмағанын, оның конкурста жеңімпаз болатынын бірден білгенін айттым. Эфирде екі-ақ адамның атын атадым. Қалғанын мен қыздардың сөзі бойынша жеткіздім", - дейді Наталья. 

Ал эфирдегі "мен бұл жайлы айтатын боламын, қорықпаймын" делінген сөзіне қатысты наразылық, арудың айтуынша, байқауға "шеттен келген" кейбір қатысушы қыздарға қатысты болған. Айтуынша, сол қыздардың тәртібі шоудың абыройын түсірген.   

"Сұлулық байқауларында қыздар сатылады, сатып алынады деген сетереотип бар. Мен бастапқы кезден осыны тексергім келді. Байқауда бәрі әділ өткенін түсіндім. Бірақ кейбір қыздардың тәртібі таңғалдырды, олар өздерін тым жеңіл ұстап, қолжетімді екенін көрсетумен болғандай. Мен осы үшін кешірім сұраймын, себебі бұл әрбір қатысушы қыздың өз шаруасы, мен оларға қатысты пікір білдірмеуім керек еді. Өз басым 15 жасымнан бері жұмыс істеймін, өте кедей отбасыдан шыққанмын және әдемі қыздың өзін тым еркін ұстауы маған жат. Осындай қыздар үшін финалға шыққан қалған қатысушылардың барлығы жайлы сатып алынған деген әңгімені туғызатынына өкініш білдіремін", - деді Наталья тікелей эфирдегі сөзін түсіндіріп.

Баспасөз мәслихатына байқау ұйымдастырушысы Ольга Шанталь да келді. Ол компанияның жала жабу дерегі бойынша тергеу жүргізуді сұрамайтынын және Наталья Лапкинаның видеоэфирінен видеоүзінді жасаған "дұшпандардың" өз ар-ұяты білсін дегенді айтты.  

Еске салайық, әлеуметтік желілерге мұның алдында байқауға қатысушы қыздардың бірінің Instagram желісіндегі тікелей эфирінен үзінділер таралып кеткен еді. Видеода қыз "Хан-Шатыр" сауда орталығының жағажайында шомылуға арналған киім киген финалист қыздар мен демеушілердің кеші болғанын айтқандай болады. Қонақүйге келген бетте қатысушы қыздарға "демеушілердің кештің жалғасын күтетіні" айтылған және қыздар олармен таңға дейін бірге болған деген сөз айтылады. Ең сорақысы, қыз қатысушы арулардың ішінде кәмелет жасқа толмағандары да болғанын айтқан. Сол қалғандардың бірі, видеодағы мәлімет бойынша, Хан-Шатыр аруы атанған.

 

Одна из участниц международного конкурса Мисс Хан шатыр 2017 рассказала в прямом эфире шокирующую правду конкурса. О слезах участниц, которых насильно загнали на пляж хан шатыра, на которой состоялась вечеринка после конкурса. На котором их ждали спонсоры и глава хан шатыра и риксоса Айтекин Гултекин. Вечеринка в купальниках, не закончилась и по приезду в гостиницу где проживали участницы. По словам Натальи, их репетиторы в 4 утра написали в вотс ап явиться всем в президентский номер в гостинице в которой их ждали все те же спонсоры, которые насильно заставляли сидеть участниц с ними. Среди участниц была несовершеннолетняя. В итоге в номере остались 2 девушки, одна из них Вице Мисс Хан Шатыр. Участницы остались в номерах со спонсорами до утра. Расплата за победу была на глазах у участниц, которые и обнаружили отсутстие своих сожительниц проснувшись утром в гостинице Rixos. Полное видео эфира будет сегодня на YouTube _ _ _ _ _ #Астана #Астанчане #город #горожане #акмола #целиноград #столица #Казахстан #мисс #ханшатыр #подиум #Astana #Kazakhstan

Публикация от Астана! Жалобная книга! (@zhaloby_astana)

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети